• 2016-07-27-001.jpg
  • 2016-07-27-002.jpg
  • 2016-07-27-003.jpg
  • 2016-07-27-004.JPG
  • 2016-07-27-005.JPG
  • 2016-07-27-006.JPG
  • 2016-07-27-007.JPG

Құрметті достар!

Сіздерді Ақжайық ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында шынайы көңілден құттықтаймын! 

Тәуелсіз еліміз әлемдік қауымдастықта тұрғындарының экономикалық тұрмысы жоғары, ұлтаралық бірлік, әлеуметтік теңдік үстемдік құрған қарқынды даму үстіндегі гүлденген мемлекетке айналып келеді.

«Қазақстан – 2030» даму Стратегиясының қабылдануы елде нарықтық экономиканың қалыптасуын, демократиялық бағыттағы құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің құрылғанын, оның ішкі тұрақтылығын анықтап берді. Осының нәтижесінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде айқындала түсті. 

«Қазақстан – 2030» Стратегиясының Ережелері Елбасының Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті ең дамыған елу елінің қатарына ену стратегиясы мен «Жаңа Қазақстан – жаңа әлемде» Жолдауында өз жалғасын тапты. 

Біз елдегі оңды мүмкіндіктерді кеңінен пайдалана отырып, ауданымыздың барлық салаларында нақты істер атқару бағытында белсенді түрде жұмыстанып келеміз.

Ақжайық ауданы – республикамыздағы қасиетті өңір.

Жыр алыбы Жұбан Молдағалиевтың, ақын Сағынғали Сейітовтің тағы басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, 4 Ұлы Отан соғысы батырлары мен еңбек ардагерлерінің киелі өлкемізде дүниеге келуін тұрғындар аса ықыласты сезіммен мақтан етеді.

Еліміздің ірі де көрікті өзендерінің бірі ару Жайықтың аудан аумағын қақ екіге жарып ағуы, ауданның облыс аудандарымен қатар басқа облыстармен де шектесуі – біздің ауданымызға тән өзіндік ерекшелік деп есептейміз.

Біздің WEB сайтымыздың ашылуы Сіздерге орасан зор ақпарат кеңістігінде жол көрсеткіш болып, ауданда жүзеге асырылып жатырған игі істердің белсенді де, сәтті болуына ықпал етіп, келешекте Ақжайық ауданы электронды картада танымал аудандардың біріне айналады деп ойлаймыз. 

Біз WEB сайтта ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпаратыңыз Ақжайық ауданы бойынша кез-келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Ауданымыз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып, жаңартылып отырады. 

«ИНТЕРНЕТ» беттеріндегі Ақжайық ауданы сайтына қош келдіңіздер!

Биылғы Наурызды Ақжайық ауданындағы Ақжол ауылдық округінің жұрты ерекше көңіл күймен қарсы алды. Өйткені, олардың көптен бергі үлкен бір тілегі орындалып, яғни округ орталығы Ілбішін ауылындағы  Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, есегін қайта айқара ашты. Жарты ғасыр дұрыс жөндеу көрмеген әлеуметтік нысан танымастай өзгеріп, ерекше көз тартып тұр. Тағы бір қуаныш сол, Ілбішіндегі кітапханаға модельді мәртебесі берілді. Бұл ауданымызда ашылған осымен 7-ші модельді кітапхана болып табылады.

Вакцинациялау (егу-екпе) дегеніміз не және ол не үшін қажет?

Ауданымыз бойынша барлығы -63, оның ішінде 2016 жылы -6, 2017 жылы -2 екпеден бас тартқандар тіркелді.

Екпенің не екенін қазіргі ата-аналардың барлығы дерлік білсе де, дегенмен екпе жасатпас бұрын олардың көбінде күмән туғызбайтыны да жасырын емес. Өйткені, қазіргі таңда балаларымызды екпе ар­қылы қорғап жүрген инфекциялармен бетпе-бет келген адамдар кемде-кем. Осыдан 30-40 жыл бұрын ата-аналарды қызылша, полио­миелит (сал), дифтерия (құрөзек) қанша­лықты қауіпті екенін түсіндіріп жатпайтын - ол кезде бұл аурудан көз жұмған балалар туралы мысалдарды көптен келтіруге болатын. Ал туберкулез және көк жөтелмен ауыратын балалардың жөтелі кез келген аулада естіліп жататын. Ата-аналар бала­сы­ның таңертең қозғала алмай, аяқ асты­нан сал болып қалуынан қорқатын. Қазіргі уақытта мүгедектер арбасына отырған ересек адамдар арасында кезінде полио­мие­литпен ауырған адамдарды кездес­тіруге болады.

Чапаев ауылдық округінде 2016 жылы бөтеннің мүлкін ұрлау, соның ішінде мал ұрлығы қылмысының алдын-алу жөнінде аудандық ІІБ қызметкерлерінің көмегімен, ақсақалдар кеңесімен бірлесіп біршама жұмыс атқарылды.

Чапаев бойынша 2016 жылы 6 мал ұрлығы тіркелді, соның бәрі ашылмауына байланысты, қылмыстық істер өндірісінен тоқтатылды.

Мал ұрлығы себептерінің бастысы - тұрғындардың түлікті қараусыз, бағусыз қалдыруы. Мал көбіне даладан жоғалып кетуі соны сөзсіз әйгілейді. Малдың қаралмауынан автокөлікке қағылып, сөйтіп, жол-көлік оқиғалары жиі орын алып келеді.


 

 


Ауа райы